03.04.2026 15:29
Мудриктің дисквалификациясы төрт жылға дейін ұзаруы мүмкін
03.04.2026 15:29
Допинг қолданды деп айыпталған «Челси» вингері Михаил Мудриктің дисквалификациясы ұзаруы мүмкін

The Athletic хабарлауынша, оның дисквалификациясы төрт жылға дейін созылуы мүмкін, яғни тағы 32 ай қосылмақ. Бұл есепке оның осыған дейін өтеп қойған 16 айы да кіріп кетеді.
Бірақ «Челси» оны күтпей ойыншысының кінәсіз екенін дәлелдегісі келеді. Егер Михаил ақталса, бірден ойнап кете алады.
25 жастағы украиналық ойыншы соңғы рет алаңға 2024 жылдың 28 қарашасында шыққан еді.