03.04.2026 15:01

Кейн «Фрайбургқа» қарсы ойнамайды

03.04.2026 15:01

«Бавария» шабуылшысы Харри Кейн алдағы «Фрайбургқа» қарсы ойынға қатыспайды

Мұны команданың бас бапкері Венсан Компани растады.

«Харри жексенбіге дейін тәуір жаттықты, бірақ құрамада тобығын зақымдап алды. Осыған байланысты ертеңгі ойынға қатыспайды. Оны «Фрайбургқа» қарсы ойында қатты көргім келіп еді, алайда бұл мүмкін емес. Дегенмен сейсенбі күні қатарда болады деген сенімдеміз»,– 39 жастағы бельгиялық маман.

Мюнхеннің клубы ертең, 4 сәуір күні Бундеслиганың 28-турында «Фрайбургке» қонаққа барады. Ал 7 сәуір, сейсенбіде Чемпиондар лигасының ширек финалы аясында «Реалды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram