03.04.2026 12:35
Бастони «Барселонаға» ауысуға келісім берді
03.04.2026 12:35
«Интер» қорғаушысы Алессандро Бастони «Барселонаға» ауысуға жақын

Маттео Мореттоның хабарлауынша, ол Каталония клубына қосылуға келісімін берді. Қазір клубтар өзара келіссөз жүргізіп жатыр. Трансфер құны шамамен 60 миллион еуроның айналасында болады деп күтілуде. «Барселонадан» бөлек Бастониға «Ливерпуль» мен «Челси» көз тігіп отыр.
26 жастағы италиялық ойыншы осы маусымда 35 матчта екі гол соғып, алты нәтижелі пас берді.