03.04.2026 17:25

Алиссон маусым соңына дейін ойнамайды

03.04.2026 17:25

«Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекердің жағдайы белгілі болды

33 жастағы бразилиялық голкипер бұлшық ет жарақатын алған еді. Осыған байланысты маусым соңына дейін ойнамайтын болды. Мұны команданың бас бапкері Арне Слот растады. Енді оның орнына Георгий Мамардашвили қақпа күзетеді.

Алиссон Мерсисайдтың клубына 2018 жылы «Ромадан» 72,5 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 34 матчта 36 гол өткізіп, 13 матчта қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram