10.04.2026 10:05
Иштван Ковач Чемпиондар лигасынан шеттетілді
10.04.2026 10:05
Чемпиондар лигасының 1/4 финалы аясындағы «Барселона» – «Атлетико» (0:2) матчында бас төреші қызметін атқарған Иштван Ковач жазаланды

Sport.es хабарлауынша, УЕФА оның аталған матчта бірнеше қате шешім қабылдағанын байқапты. Осыған байланысты оны келесі маусымға дейін Чемпиондар лигасынан шеттетті.
Бұған дейін «блауграна» 54-минутта Марк Пубильдің өз айып алаңында допты қолға алуына байланысты ресми шағым түсірген еді.
Бірақ Ковач биылғы Әлем чемпионатында қазылық ете береді. 41 жастағы румыниялық маманның есімі мундиальға баратын төрешілер тізімінде бар.