10.04.2026 09:32
Конате «Ливерпульде» қалады
10.04.2026 09:32
«Ливерпуль» қорғаушысы Ибраима Конате клубта қалады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты ұзартуға өте жақын. Қазір келіссөз қарқынды түрде жүріп жатыр. Ал Конате «Реалмен» байланысын қараша айында үзген екен.
26 жастағы француз Мерсисайдтың клубына 2021 жылдың жазында «Лейпцигтен» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 43 матчқа қатысып, екі гол соқты.