10.04.2026 08:40

Морган Роджерс топ-клубқа ауысуы мүмкін

10.04.2026 08:40

«Астон Вилла» жартылай қорғаушысы Морган Роджерс топ-клубқа ауысуы мүмкін

The Telegraph хабарлауынша, оған ПСЖ, «Арсенал», «Манчестер Юнайтед» және «Челси» қызығушылық танытуда. Бирмингемнің клубы басты жұлдызын 90 миллион еуроға бағалайды, бірақ бұл жазға қарай бонустармен есептегенде 120 миллионға дейін барып қалуы мүмкін.

23 жастағы англиялық ойыншы «Астон Виллаға» 2024 жылы «Мидлсбродан» ауысып келген. Ол осы маусымда 45 матчта 10 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Роджерс өткен маусымда PFA нұсқасы бойынша Ағылшын Премьер-лигасының үздік жас ойыншысы атанған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram