10.04.2026 09:23

«Арсенал» ойыншысы А Сериясына ауысуы мүмкін

10.04.2026 09:23

«Арсенал» шабуылшысы Габриэль Жезус мансабын Италияда жалғауы мүмкін

Arsenal Radar хабарлауынша, оған «Милан» мен «Ювентус» қызығушылық танытуда. Лондонның клубы ойыншысын маусым аяқталысымен сатуға дайын, өйткені бас бапкер Микель Артета оны өз командасында көрмейді. «Зеңбірекшілер» Жезусты 30 миллион фунт стерлингке (шамамен 34,5 миллион еуро) бағалап отыр.

29 жастағы бразилиялық форвард «Арсеналға» 2022 жылы «Манчестер Ситиден» 52,2 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол осы маусымда 22 матчта бес гол соғып, екі нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram