11.01.2026 21:32

Ислам Чесноковтың командасы жеңіске жетті

11.01.2026 21:32

Шотландия Премьершипінің 22-турында «Хартс» сырт алаңда «Дандиді» 1:0 есебімен жеңді

Бірінші тайм түгесілер тұста 10 ойыншымен қалғанына қарамастан Ислам Чесноковтың командасы жеңісті есепті ұстап қала алды. Ал отандасымыздың өзі бұл матчта қосалқы құрамда отырды.

Осылайша «Хартс» 47-ұпайын олжалап, турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.

Енді «жүректер» келесі турда 14 қаңтар күні «Сент-Мирренді» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram