11.01.2026 21:17

«Милан» тағы ұпай жоғалтты

11.01.2026 21:17

Италия А Сериясының 20-туры аясында «Милан» сырт алаңда «Фиорентинамен» тең тарқасты

Флоренцияда өткен кездесуде 1:1 есебі тіркелді. Матчтың 66-минутында Пьетро Комуццо есеп ашса, 90-минутта Кристофер Нкунку таразы басын теңестірді.

Осылайша «росонерри» қатарынан екінші матчта ұпай жоғалтты. Бұған дейін «Дженоаны» (1:1) жеңе алмаған еді.

19 турдан кейін 40 ұпай жинаған Массимилиано Аллегри шәкірттері турнир кестесінде екінші орынға жайғасты. Келесі турда команда 15 қаңтар күні «Комоға» қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram