11.01.2026 20:51
Мартинелли алғашқы хет-тригін жасады
11.01.2026 20:51
Англия кубогының 1/32 финалында «Арсенал» сырт алаңда «Портсмутты» 4:1 есебімен жеңіп жатыр

Матч барысында Габриэль Мартинелли 25, 51 және 72-минутта мергендік танытты.
Осылайша ол «Арсенал» сапындағы алғашқы хет-тригін жасады.
24 жастағы Бразилия вингері «зеңбірекшілердің» намысын 2019 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта жалпы 248 матчта 57 гол соғып, 30 нәтижелі пас берді.