11.01.2026 21:04

«Арсенал» ірі есеппен жеңіске жетті

11.01.2026 21:04

Англия кубогының 1/32 финалында «Арсенал» сырт алаңда Чемпионшиптің клубы «Портсмутты» 4:1 есебімен жеңді

Портсмутте өткен кездесуде «зеңбірекшілердің» үш голын Габриэль Мартинелли соқты. Сондай-ақ Андре Доззелл автогол авторы атанды.

Одан бөлек Нони Мадуеке бірінші тайм түгесілер тұста пенальтиден мүлт кетті.

Микель Артетаның шәкірттері келесі матчын 14 қаңтар күні Лига кубогының аясында «Челсиге» қарсы өткізеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram