21.02.2026 22:02

Ислам Чесноковтың голы «Хартсқа» жеңіс сыйлады

21.02.2026 22:02

Шотландия Премьершипінің 28-турында «Хартс» өз алаңында «Фолкиркті» 1:0 есебімен тізе бүктірді

Эдинбургте өткен кездесуде жалғыз голды отандасымыз Ислам Чесноков 45-минутта соқты. Бұл оның «Хартстағы» алғашқы голы болды.

Осылайша 60-ұпайын еншілеген «жүректер» турнир кестесінде көш басына мықтап жайғасты. Келесі турда команда 28 ақпан күні «Абердинді» қабылдайды.

Айта кетейік, Чесноков «Хартсқа» 6 қаңтар күні «Тобылдан» ауысып келіп, 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram