21.02.2026 21:25

«Бавария» «Айнтрахттан» басым түсті

21.02.2026 21:25

Германия Бундеслигасының 23-турында «Бавария» өз алаңында «Айнтрахтты» жеңді

«Альянц Аренада» өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Алаң иелерінің сапында Харри Кейн дубль жасаса, Александр Павлович бір гол соқты. Ал Франкфурттан келген командада Джонатан Буркардт (пенальтиден) пен Арно Калимуендо мергендік танытты.

Осылайша 60-ұпайын еншілеген Мюнхеннің клубы турнир кестесінде көш басында қала береді.

Венсан Компанидің шәкірттері келесі турда 28 ақпан күні «Боруссиямен» ойын үшін Дортмундқа қонаққа барады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram