11.03.2026 20:16

Иран Әлем чемпионатына қатыспайды

11.03.2026 20:16

Иранның спорт министрі Ахмад Доньямали Ұлттық құраманың Әлем чемпионатына қатыспайтынын айтты

— «Олар біздің көшбасшымызды өлтіргеннен кейін, мундиальға қатысудың мәні қалмады. Кейінгі 8-9 айда бірнеше мың отандасымыз ажал құшты. Мұндай жағдайда қатысу мүмкін емес»,— деді ол.

«Арыстандар» АҚШ пен Израильдің елге шабуыл жасауына байланысты мундиальға қатысудан бас тартып отыр.

Амир Галеной шәкірттері жаһан додасында Бельгия, Египет және Жаңа Зеландиямен бірге G тобында ойнайды. Айта кетерлігі, Иранның топтық кезеңдегі барлық ойыны АҚШ-та болады деп жоспарланған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram