19.10.2025 01:43
«Интер» «Ромадан» айласын асырды
19.10.2025 01:43
Италия А Сериясының 7-туры аясында «Интер» сырт алаңда «Ромадан» басым түсті

Римдегі «Олимпико» стадионында өткен кездесуде 0:1 есебі тіркелді. Жалғыз голды Эндж Йоан Бонни 6-минутта соқты.
Осылайша жеті ойында 15-ұпайын еншілеген «нерадзурри» турнир кестесінде көш бастады. Ал «Интермен» бірдей ұпай жинаған «Рома» үшінші сатыға түсіп қалды.
Кристиан Киву шәкірттері келесі турда «Наполимен» күш сынасса, «джаллоросси» «Сасуолломен» шеберлік байқасады.