18.10.2025 23:33
«Бавария» «Боруссияны» тізе бүктірді
18.10.2025 23:33
Германия Бундеслигасының 7-туры аясында «Бавария» өз алаңында Дортмундтың «Боруссиясын» тізе бүктірді

Мюнхенде өткен Дер-Классикерде 2:1 есебі тіркелді. Алаң иелері сапында Харри Кейн мен Майкл Олисе мергендік танытты. Ал «аралардың» жалғыз голын Юлиан Брандт соқты.
Осылайша жеті ойыннан кейін ұпайдан шашау шығармаған Венсан Компани шәкірттері турнир кестесінде жеке дара көш бастап тұр.
«Бавария» келесі турда 25 қазан күні Менхенгладбахтың «Боруссиясымен» шеберлік байқасады.