18.10.2025 23:51
«Арсенал» «Фулхэмнен» басым түсті
18.10.2025 23:51
Ағылшын Премьер-лигасының 7-туры аясында «Арсенал» сырт алаңда «Фулхэмді» 1:0 есебімен жеңді

Матчтағы жалғыз голды 58-минутта Леандро Троссард соқты.
Осылайша сегіз ойында 19 ұпай жинаған «зеңбірекшілер» көш басындағы орнын нығайтты.
Микель Артетаның жігіттері келесі турда 26 қазан күні «Кристал Пэласты» қабылдайды.