18.10.2025 21:18
«Барселона» жеңісті жұлып әкетті
18.10.2025 21:18
Испания Ла Лигасының 9-туры аясында «Барселона» өз алаңында «Жиронадан» басым түсті

Каталония клубтары арасындағы кездесуде 2:1 есебі тіркелді.
«Барселона» сапында Педри гол соғып, есеп ашқан еді. Кейін Аксель Витсель қайшылай соққы жасап, таразы басын теңестірді. Бұл есеп ойынның соңғы секундтарына дейін сақтаулы тұрды. Тек 90+3-минутта ойынға тыңнан қосылған Рональд Араухо мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.
Осылайша 22-ұпайын еншілеген «блауграна» live-кестеде көш бастады. Келесі турда Ханси Фликтің шәкіртері 26 қазан күні Мадридтің «Реалына» қонаққа барады.