18.10.2025 23:14
«Наполи» күтпеген жерден жеңіліп қалды
18.10.2025 23:14
Италия А Сериясының 7-туры аясында «Наполи» «Ториноға» есе жіберді

Туринде өткен кездесуде алаң қонақтары 0:1 есебімен жеңіліс тапты. Жалғыз голды Джованни Симеоне 32-минутта соқты.
Осылайша еншісінде 15 ұпайы бар неаполитандықтар live-кестеде екінші орында қала береді.
Антонио Конте шәкірттері ішкі біріншіліктегі келесі кездесуін «Интерге» қарсы өз алаңында өткізеді.