29.09.2025 01:52
«Милан» «Наполиден» басым түсті
29.09.2025 01:52
А Сериясының 5-туры аясында «Милан» өз алаңында «Наполиді» тізе бүктірді

«Сан-Сиро» стадионында өткен кездесу 2:1 есебімен миландықтардың пайдасына шешілді.
Алаң иелері сапында Алексис Салемакерс пен Кристиан Пулишич мергендігімен көзге түсті. Ал Неаполь клубының жалғыз голын Кевин де Брюйне пенальтиден соқты.
Сондай-ақ 57-минутта «россонери» қорғаушысы Первис Эступиниан қызыл қағаз алып, ойыннан қуылып кетті.
Осылайша 12-ұпайын еншілеген «Милан» доп айырмасы бойынша «Наполиді» артқа тастап, турнир кестесінде көш бастады.