05.10.2025 23:03

«Наполи» ғаламат камбэк жасады

05.10.2025 23:03

Италия А Сериясының 6-туры аясында «Наполи» өз алаңында «Дженоаны» тізе бүктірді

Диего Марадона атындағы стадионда өткен кездесуде Неапольдің клубы 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Дженоа» ойыншысы Джефф Ехатор гол соғып, есеп ашқан еді. Алайда алаң иелері сапында Франк Ангисса мен Расмус Хейлунд мергендік танытып, командасына жеңіс сыйлады.

Осылайша 15-ұпайына қол жеткізген Антонио Конте шәкірттері турнир кестесінде көш бастады.

«Наполи» ішкі біріншіліктің келесі турында «Ториномен» түзде күш сынасады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram