07.09.2025 18:38
«Наполи» ойыншысы қатардан шықты
07.09.2025 18:38
«Наполидің» негізгі ойыншысы Амир Ррахмани жарақат алды
Косово құрамасының қорғаушысы ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі аясындағы Швейцарияға (0:4) қарсы ойында жамбасын зақымдап алыпты.
Осыған байланысты, шамамен 2-4 апта бойы алаңға шыға алмайды екен.
Ррахмани өткен маусымда жалпы 39 ойын өткізіп, бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, Италия А Сериясының екі турынан кейін алты ұпай жинаған «Наполи» турнир кестесінде «Ювентуспен» бірге көш бастап тұр.