22.05.2026 20:21

Иньеста бапкер атанады

22.05.2026 20:21

Андрес Иньеста бапкер ретінде мансабын бастайды

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 42 жастағы испан маманы баптайтын алғашқы клуб БАӘ екінші дивизионындағы «Галф Юнайтед» болады. Қос тарап толықтай келісімге келіпті.

Иньеста футболшы карьерасын 2024 жылдың қазанында аяқтаған. Ол «Барселонада» 1996-2018 жылдары аралығында ойнап, мансабының соңын «Виссел Кобе» (Жапония) мен «Эмиратесте» (БАӘ) өткізді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram