22.05.2026 16:58

Нуньес АПЛ-ге оралуы мүмкін

22.05.2026 16:58

«Әл-Хиләл» шабуылшысы Дарвин Нуньес Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

TalkSPORT хабарлауынша, Нуньеске «Ньюкасл» қызығушылық танытуда. «Сауысқандардың» бас бапкері Александр Исак «Ливерпульге» кеткелі форвардтың орны ойсырап қалды деп есептейді және соған Нуньесті алмақ. Қазір қос тарап келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Нуньес Саудияның клубына өткен жазда «Ливерпульден» 53 миллион еуроға ауысып келген еді. 26 жастағы уругвайлық форвард осы маусымда 24 матчта тоғыз гол соғып, бес нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram