22.05.2026 14:43
Арбелоа «Реалдан» кететінін мәлімдеді
22.05.2026 14:43
«Реал» бас бапкері Альваро Арбелоа клубтан кететінін мәлімдеді

«Мен «Реалға» үлкен алғысымды білдіре отырып, кетіп барамын. Ойыншыларға менің әр күнімді бақытты еткеніне рақмет айтамын»,– деді Арбелоа «Атлетикке» (23 мамыр) қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында.
43 жастағы испан маманы «бланкос» тізгінін 13 қаңтарда ұстаған еді. Содан бері команда 17 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, сегіз ойында қарсыласына жол берді. Ал оның орнына Жозе Моуринью келіп, 2029 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.