22.05.2026 14:05

Нойер қатардан шықты

22.05.2026 14:05

«Бавария» қақпашысы Мануэль Нойер жарақат алды

40 жастағы голкипер бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты 23 мамыр күні өтетін Германия кубогының финалындағы «Штутгартқа» қарсы матчқа қатыспайды. Оның орнына негізгі құрамда 22 жастағы Йонас Урбиг шығады.

Нойер осы маусымда 37 матчта 40 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді. Кеше оны бас бапкер Юлиан Нагельсманн Әлем чемпионатына баратын Германия құрамасының тізіміне қосқан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram