22.05.2026 12:04

Трент Александер-Арнольд Әлем чемпионатына бармайды

22.05.2026 12:04

«Реал» қорғаушысы Трент Александер-Арнольд Әлем чемпионатына қатыспайды

Дэвид Орнштейннің хабарлауынша, бас бапкер Томас Тухель оны тізімге қоспайды екен.

Бұған дейін Харри Магуайр, Фил Фоден, Люк Шоу, Фикайо Томори, Коул Палмер, Леви Колуилл, Трево Чалоба, Адам Уортон, Льюис Холл және Морган Гиббс-Уайттың тыс қалатыны белгілі болған еді.

«Үш арыстан» L тобында Хорватия, Гана және Панамамен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram