22.05.2026 08:59

Облак «Интерге» ауысуы мүмкін

22.05.2026 08:59

«Атлетико» қақпашысы Ян Облак мансабын Италия А Сериясында жалғауы мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Интер» қызығушылық танытуда. «Нерадзурри» Облакты қазіргі қақпашы Ян Зоммерді лайықты алмастыра алатын голкипер ретінде көреді және жазда қатарына қосып алмақ.

33 жастағы словениялық ойыншы «Атлетико» намысын 2014 жылдан бері қорғап келеді. Ол осы маусымда 43 матчта 55 гол өткізіп, 11 ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram