21.05.2026 22:48
Палмер Әлем чемпионатына қатыспайды
21.05.2026 22:48
«Челси» жартылай қорғаушысы Коул Палмер Әлем чемпионатына қатыспайды

The Telegraph хабарлауынша, бас бапкер Томас Тухель оны тізімге қоспайды. Одан бөлек «Челси» қорғаушысы Леви Колуилл мен «Кристал Пэлас» жартылай қорғаушысы Адам Уортон да құрамға кірмейді екен.
Бұған дейін Харри Магуайр, Фил Фоден, Люк Шоу және Фикайо Томоридің тыс қалатыны белгілі болған еді.
«Үш арыстан» L тобында Хорватия, Гана және Панамамен ойнайды. Биылғы мундиаль 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Канада және Мексикада өтеді.