22.05.2026 08:36

«Әл-Наср» бас бапкерсіз қалды

22.05.2026 08:36

«Әл-Наср» бас бапкері Жорже Жезуш қызметінен кетті

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.

«Мен мұнда командаға чемпиондық сыйлап, Роналдуға көмектесу үшін келдім. Біз бірге үлкен іс тындырдық. Енді кетуге болады»,– деді Жезус.

71 жастағы португалиялық маман Эр-Риядтың клубын өткен жазда тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 40 рет жеңіске жетіп, екі мәрте тең түссе, жеті ойында қарсыласына жол берді және биыл Саудия чемпионы атанды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram