22.05.2026 20:09
Димарко А Сериясының үздік ойыншысы атанды
22.05.2026 20:09
«Интер» қорғаушысы Федерико Димарко Италия А Сериясының осы маусымдағы үздік ойыншысы атанды

28 жастағы италиялық ойыншы биылғы маусым Италия чемпионатында 34 матчта алты гол соғып, 18 нәтижелі пас берді.
Одан бөлек тағы да үздіктер анықталды:
Үздік бапкер — Кристиан Киву («Интер»);
Үздік жас ойыншы — Кенан Йылдыз («Ювентус);
Үздік шабуылшы — Лаутаро Мартинес (Интер);
Үздік жартылай қорғаушы — Нико Пас («Комо»);
Үздік қорғаушы — Марко Палестра («Кальяри»);
Үздік қақпашы — Миле Свилар — («Рома»).
Осыған дейін «Интер» мезгілінен бұрын чемпион атанып қойған еді. Соңғы тур ойындары 22-24 мамыр аралығында өтеді.