22.05.2026 18:42
Салах «Ливерпульдің» үздік ойыншысы атанды
22.05.2026 18:42
Мұхамед Салах «Ливерпульдің» сәуірдегі үздік ойыншысы атанды

33 жастағы мысырлық вингер өткен айда алты матчқа қатысып, екі гол соқты.
Осылайша ол жанкүйерлердің дауыс беру нәтижесінде топ жарып, бұл марапатқа 29-рет қол жеткізді.
Салах «Ливерпульдегі» соңғы маусымын өткізіп жатыр. Ол Мерсисайдтың клубына 2017 жылы «Ромадан» 42 миллион еуроға ауысып келген еді.