01.08.2026 15:14
Ян Диоманд «Лейпцигтің» матчына шақырылмады
01.08.2026 15:14
Ян Диоманд «Лейпцигтің» матчынан тыс қалды

19 жастағы Кот-д'Ивуар вингері «Верльге» қарсы жолдастық кездесуге шақырылмады. Өйткені ол «Реалға» ауысуға дайын отыр. Енді «Лейпциг» рұқсатын берсе болғаны, ол тез арада Мадридке ұшып барып медициналық тексерістен өтеді және 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Ал трансфер құны 100+ миллион еуроны құрайды екен.
Диоманд өткен маусымда 36 матчта 13 гол соғып, он нәтижелі пас берді.