01.08.2026 14:12

«Ливерпуль» «Миланнан» ойыншы алмақ

01.08.2026 14:12

«Милан» қорғаушысы Фикайо Томори Ағылшын Премьер-лигасына оралуы мүмкін

TuttoJuve хабарлауынша, оған «Ливерпуль» көз тігіп отыр. Мерсисайдтың клубы Томори жөнінде «Миланмен» келіссөз жүргізіп жатыр екен.

Одан бөлек Фикайоны алғысы келетіндердің қатарында «Ньюкасл», «Ковентри Сити», «Ювентус» және «Әл-Хиләл» бар.

«Россонери» Томориді 2021 жылы «Челсиден» 35,3 миллион еуроға сатып алған еді. 28 жастағы англиялық ойыншы өткен маусымда 37 матчқа қатысып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram