01.08.2026 14:41
Винисиустың болашағы келер аптада шешіледі
01.08.2026 14:41
«Реал» вингері Винисиус Жуниордың мансабы қайда жалғасатыны жақында белгілі болады

The Athletic хабарлауынша, ол келер аптада Мадридтің клубымен келісімшартты ұзарту бойынша соңғы рет келіссөз жүргізіп көрмек. Егер одан түк шықпаса «Арсеналға» ауысып кетуі мүмкін. Винисиустың өзі Лондонның клубында ойнауға қарсы емес. «Зеңбірекшілердің» бас бапкері Микель Артета да бразилиялық жұлдызды аттай қалап отыр. Алдағы күндер Вини үшін шешуші болмақ.
«Бланкос» Винисиусты 2018 жылы «Фламенгодан» 45 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы ойыншы өткен маусымда 53 матчта 22 гол соғып, 14 нәтижелі пас берді.