01.08.2026 13:58
«Бавариядан» үш ойыншы кетеді
01.08.2026 13:58
«Бавария» үш ойыншысымен қош айтысуға дайын

Мюнхеннің клубы Жоау Палинья, Саша Боэ және Брайан Сарагосаны сатуға әзір. Мұны команданың спорт директоры Максимилиан Эберль айтты.
«Біз үш ойыншымен қош айтысуға дайынбыз. Олардың клубта болашағы жоқ. Егер қаламын десе онда жағдайлары қиын, себебі олар біздің жоспарымызға кірмейді. Бұл үшеуіне командада орын жоқ. Әңгіме Жоау Палинья, Саша Боэ және Брайан Сарагоса жайында болып жатыр»,– деді Эберль.
Бұған дейін Максимилиан Эберль осы жазда енді трансфер жасамайтындарын мәлімдеген еді.