30.07.2026 13:47

«Бавария» осы жазда енді трансфер жасамайды

30.07.2026 13:47

«Баварияның» спорт директоры Максимилиан Эберль осы жазда енді жаңа ойыншы алмайтындарын мәлімдеді

«Натаниэль Браун мен Исмаэль Сайбариді тез қатарға қосып алдық. Осымен осы жазда енді трансфер жасамаймыз. «Баварияға» басқа да ойыншылар қосылады дегенді естігенде күлкім келеді. Мұндай алып-қашпа әңгімелердің бәрі судай өтірік»,– деді Эберль.

Мюнхеннің клубы Браунды «Айнтрахттан», ал Сайбариді ПСВ-дан 55 миллион еуроға сатып алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram