30.07.2026 13:26

Аргентина құрамасының ойыншысы «Манчестер Ситиге» ауысуы мүмкін

30.07.2026 13:26

«Марсель» мен Аргентина құрамасының қақпашысы Херонимо Рульи мансабын Ағылшын Премьер-лигасында жалғауы мүмкін

Фабрицио Романоның хабарлауынша, оны «Манчестер Сити» өз қатарынан көргісі келеді. «Қалалықтар» Джеймс Траффордты «Лидске» 46,7 миллион еуроға сатқаннан кейін, Рульиге қызығушылық танытып отыр.

Херонимоның өзі Энцо Мареска баптайтын командаға қосылуға дайын және «Марсель» де бұдан хабардар.

34 жастағы Аргентина құрамасының голкипері өткен маусымда 39 матчта 52 гол өткізіп, тоғыз ойында қақпасына доп жібермеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram