29.07.2026 22:43

Чемпиондар лигасы: «Қайрат» келесі кезеңге өтті

29.07.2026 22:43

Чемпиондар лигасының екінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» «Омонияны» тізе бүктірді

Алматыдағы «Орталық» стадионда өткен кездесуде 1:0 есебі тіркеліп, жалғыз голды 37-минутта Эдмилсон соқты. Осылайша қос матчтың қорытындысы бойынша есеп теңесіп (1:1), ойын пенальти сериясына ұласты. Ал ойынның бұл кезеңінде Темірлан Анарбеков ерлеп, біздің жігіттер 6:5 есебімен жеңіске жетті.

Рафаэль Уразбахтин шәкірттері келесі кезеңде «Левски» – «Университатя Крайова» жұбының жеңімпазымен кездеседі.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram