29.07.2026 19:38
«Реал» Родриді алдағы 24 сағатта қатарына қосады
29.07.2026 19:38
«Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри «Реалға» ауысуы мүмкін

Diario AS журналисі Хосе Феликс Диастың хабарлауынша, Мадридтің клубы оны алдағы 24 сағаттың ішінде қатарына қосуды көздеп отыр. «Бланкос» Родриді 40-50 миллион еуроға ала алатынына сенімді. Футболшының өзі «Реалға» ауысуға дайын.
30 жастағы Испания құрамасының дүлдүлі биылғы Әлем чемпионатында үздік ойыншы атанған еді.