29.07.2026 18:40

Джордан Хендерсон «Челси» ойыншысы атанады

29.07.2026 18:40

Джордан Хендерсон «Челсиге» еркін агент ретінде ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді және осы аптада 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

Хендерсонның соңғы клубы «Брентфорд» болды. 36 жастағы Англия құрамасының жартылай қорғаушысы өткен маусымда 34 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Ол «Брентфордке» дейін «Аякс», «Әл-Иттифақ», «Ливерпуль», «Сандерленд» және «Ковентри Ситиде» ойнаған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram