30.07.2026 13:09
Эдди Хау «Ньюкаслдан» кетеді
30.07.2026 13:09
«Ньюкасл» бас бапкері Эдди Хау клубтан кетеді

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап келісімшартты мезгілінен бұрын бұзады.
Ал оның орнын Матиас Яйссле басуға жақын. 38 жастағы «Әл-Ахли» бапкері басты үміткер болып тұр және клубпен келіссөз жүргізіп жатыр.
Хау «сауысқандарды» 2021 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 116 рет жеңіске жетіп, 46 мәрте тең түссе, 72 ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ былтыр Лига кубогында топ жарды.