29.07.2026 23:28
Эли Джуниор Крупи қатардан шықты
29.07.2026 23:28
«Борнмут» шабуылшысы Эли Джуниор Крупи жарақат алды

20 жастағы француз форварды жаттығу кезінде табан сүйегін сындырып алыпты. Осыған байланысты ота жасатты және салдарынан шамамен 3-4 ай алаңға шыға алмайды.
Крупи өткен маусымда 35 матчқа қатысып, 13 гол соқты. Осыған дейін оған «Барселона» мен «Манчестер Ситидің» қызығушылық танытып отырғаны хабарланған еді.