31.07.2026 20:35
Эдди Хау «Ньюкаслдан» кетті
31.07.2026 20:35
«Ньюкасл» бас бапкері Эдди Хау орнын босатты

48 жастағы ағылшын маманы клубпен келісімшартын мезгілінен бұрын бұзды.
Ал оның орнын «Әл-Ахли» жаттықтырушысы Маттиас Яйссле басуға жақын.
Хау «сауысқандарды» 2021 жылдан бері жаттықтырып келді. Оның тұсында команда 116 рет жеңіске жетіп, 46 мәрте тең түссе, 72 ойында қарсыласына жол берді. Сондай-ақ былтыр Лига кубогында топ жарды.