30.07.2026 22:10
«Ньюкаслдың» жаңа бас бапкері белгілі болды
30.07.2026 22:10
Маттиас Яйссле «Ньюкасл» бас бапкері атанады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді және жақында 2030 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды. Осылайша 38 жастағы неміс маманы «Ньюкаслды» 2021 жылдан бері жаттықтырып келген Эдди Хаудың орнын басады.
Яйссле 2023 жылдан бері Саудияның «Әл-Ахли» клубын баптап келді. Ол оған дейін «Зальцбургті» де тізгіндеген.