30.07.2026 17:18
Гонсало Гарсия «Фулхэм» ойыншысы атанады
30.07.2026 17:18
Гонсало Гарсия «Фулхэмге» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, Альваро Арбелоа баптайтын АПЛ клубы 22 жастағы испаниялық шабуылшыны «Реалдан» 40+2 миллион еуроға сатып алады. Сондай-ақ «бланкос» Гарсияның келесі трансферінен түскен қаржыдан 30% үлес алады.
Одан бөлек «Фулхэм» Мадридтің командасынан 21 жастағы жартылай қорғаушы Сесар Паласиосты алуға жақын.
Гарсия – «Реалдың» төл түлегі. Ол өткен маусымда 39 матчта сегіз гол соғып, үш нәтижелі пас берді.