30.07.2026 16:27
Артём Довбик «Болоньяға» ауысты
30.07.2026 16:27
Артём Довбик «Болонья» ойыншысы атанды

«Россоблу» 29 жастағы украиналық шабуылшыны «Ромадан» бір маусымға жалға алды.
Осыған дейін «Болонья» форварды Сантьяго Кастроның «Ромаға» кететіні хабарланған еді.
Довбик Римнің клубына 2024 жылы «Жиронадан» 41,1 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол өткен маусымда жарақатына байланысты 18 матчқа қатысып, үш гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды.