30.07.2026 14:45
Керим Алайбегович «Ювентус» ойыншысы атанады
30.07.2026 14:45
Керим Алайбегович «Ювентуске» ауысады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, қос тарап толыққанды келісімге келді. Туриннің клубы трансфер үшін «Байерге» 33 миллион еуро және үстіне қосымша бонус ретінде тағы екі миллион төлейді. Футболшының өзі «бьянконери» қатарына қосылуды қатты қалапты.
«Байер» 18 жастағы вингерді 1 шілде күні «Кёльннан» сегіз миллион еуроға сатып алған еді. Босния және Герцеговина құрамасының ойыншысы биылғы Әлем чемпионатында төрт матчқа қатысып, бір гол соқты.