30.07.2026 13:58

Чалоба «Комоға» ауысуға жақын

30.07.2026 13:58

«Челси» қорғаушысы Трево Чалоба «Комоға» ауысуға жақын

Николо Скираның хабарлауынша, «лариани» жақында жаңа ұсынысын жолдауға дайындалып жатыр. «Комо» Чалобаның өзімен 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қою туралы сөз байласып қойды. Тревоның жаңа клубында жылына алатын жалақысы 3,6 миллион еуроны құрайды екен. Ал «Челси» ойыншысы үшін бонустарды есептегенде 35 миллион еуро талап етіп отыр.

27 жастағы Англия құрамасының ойыншысы өткен маусымда 47 матчқа қатысып, үш гол соқты.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram